Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда университет мұғалімі өзінің әріптесіне интимдік сипаттағы қысым көрсеткен

Адвокат Жанна Уразбахова Алматыда университет мұғалімінің өз әріптесіне интимдік сипаттағы қысым көрсеткені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңгер елімізде кейбір зорлық мәселелерінің полиция тарапынан тіркелмейтінін алға тартты. Оның пікірінше, құзырлы орған өкілдері полиция рейтингін түсірмеу үшін осындай әрекетке барады.

"Мысалы Ұлжанның жағдайында да полиция арызды тіркемеген. Құқық қорғау органдары зорлау бабы бойынша арызды тіркегісі келмейді. Зорлық азаймаса да статистика азайып отыр. Тенденцияның өзгермейтіні өкінішті. Көп жағдайда қыздардың өзін айыптаймыз. Бұл дұрыс емес”, – дейді Жанна Уразбахова.

Сонымен қатар адвокат зорлықтың тағы бір түрі туралы айтты.

"Жыныстық қатынасқа сіздің рұқсатыңыз болмаса, күйеуіңіз де мәжбүрлей алмайды. Күйеуіңіз болса да бұл зорлық болып есептеледі”, – дейді заңгер. 

Адвокат жұмыс орнында интимдік сипаттағы қысым жасалған жағдайда зорлықшыны ең болмаса жұмыстан шығаруға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Ол Алматыдағы университеттердің бірінде болған жағдаймен бөлісті. 

"Менің практикамда екі жағдай болған. Алматыдағы мемлекеттік университетте тіркелген. Мұғалім өзінің әріптесіне интимдік сипаттағы қысым көрсеткен. Мұғалім “әдепсіздігі” үшін бойынша жұмыстан шығарылды”, – дейді адвокат.

Талқылау