154 мыңға жуық адамның өмір сүру жағдайы жақсарады: Ақмола облысында "Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы қалай іске асып жатыр?
Ақмола облысында "Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында түрлі жобалар іске асып, жұмыс орындары ашылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, осы жылы өңірде "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 108 жобаны іске асыруға 17,4 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде: құрылыс 30 (денсаулық сақтау – 1, спорт – 4, мәдениет – 5, көшені жарықтандыру – 14, электрмен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 1, сумен жабдықтау-1, көпір – 1); реконструкциялау 8 (сумен жабдықтау – 5, электрмен жабдықтау – 2, мәдениет – 1), 29 нысанды күрделі жөндеу (білім беру – 16, мәдениет – 8, денсаулық сақтау – 3, су бұру – 2), сондай-ақ 121 км жолдарды орташа жөндеу (41 жоба).
“Жобаларды уақытында және сапалы іске асыру 68 ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, 211 уақытша, 11 – тұрақты жұмыс орнын ашуға , 154 мыңға жуық адамның өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда 108 жобаның 13 жобасы бойынша жұмыстар аяқталды, 165 уақытша жұмыс орны ашылды. Осылайша бір жылға арналған жоспардың 73%-ы іске асты.
Астана қаласының іргелес аумағын дамыту бағдарламасы аясында осы жылдың 1 тамызына 13,8 млрд.теңгеге 17 іс-шара іске асырылуда. Қазіргі кезеңде 8,8 миллиард теңге игерілді. Целиноград ауданы Қараөткел ауылында және Қосшы қаласында 280 орындық 2 балабақша, Қосшы қаласында 1200 орындық екі мектеп, Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасуда; Қараөткел ауылында, Талапкер ауылында, Целиноград ауданының Қоянды ауылында, Жалтыркөл ауылында, Жібек жолы ауылында, Аршалы ауданының 42 разъезінде және Қосшы қаласында көше-жол желісін салу жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ моно-шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде 6 іс-шараны іске асыруға 3,4 миллиард теңге көзделген,. Қазіргі кезеңге 765 миллион теңге немесе 100% игерілді.
Степногорск қаласында (Новосибирск көшесі Мир көшесінен 20-шағын ауданға дейін, Степная көшесі Парковая көшесінен 20 шағын ауданға дейін) және Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында (Бегелдинов көшесі) автожолдарды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жалғасуда.
Атбасар ауданы Атбасар қаласында Ақан Құрманов көшесін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
Бурабай ауданы Щучинск қаласының Горный шағын ауданына және Бұланды ауданы Макинск қаласының орталық бөлігіне жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жоспар бойынша 45,8 млрд теңге 39 жобаны іске асыруға 26,2 млрд теңге немесе 57,1% бөлінді.
Бұл қаражат Қосшы қаласында 1200 орындық екі мектеп пен 280 орындық балабақша, 300 орындық мектеп (Аршалы ауданы Жібек Жолы және Целиноград ауданы Шұбар ауылдарында) құрылысын жалғастыруға, жолдарды күрделі жөндеуге және көше-жол желісін салуға (Тайтөбе ауылы мен Қосшы қ., Целиноград ауданының Қабанбай батыр, Қажымұқан, Қаражар, Қараөткел, Қоянды, Қызылжар, Қызылжар, Арайлы, Аққайың, Ы. Алтынсарин, Жаңажол, Р. Қошқарбаева, Төңкеріс, Софиевка, Шортанды ауданының Өтеміс, Бозайғыр, Ключи, Төңкерісс ауылдары, Аршалы ауданы Жібек жолы, Волгодоновка, Бабатай ауылдары), сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялауға (Қосшы қаласында, Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылында және Целиноград ауданы Нұресіл ауылында), Қосшы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен өрт сөндіру депосының құрылысына бағытталады.