Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар аралас жауын-шашын күтіледі": Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

“Қазгидромет” 2023 жылғдың ақпан айына арналған Қазақстан бойынша ауа-райы болжамын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпанның алғашқы онкүндігінде республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынды ауа-райы күтіледі. Оңтүстік циклондардың жиі болуы жауын-шашынның түсуіне әкеліп соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болмақ. Ауа температурасы түнде -2+5°С-қа дейін, күндіз +5+12°С-қа дейін жоғарылайды. Кейін қайтадан түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін суытады.

Ал еліміздің батыс аймақтарында Солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп ауа-райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы күндіз -3+5°С деп болжануда.

ҚР қалған аймақтарында ақпан айының алғашқы онкүндігінде Сібір антициклонының әсерімен жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады. Кейін Сібір антициклоны әлсіреп, еліміздің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың күшеюімен қар жауып, бұрқасын, желдің күшеюі 15-25 м/с дейін болады.

Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде -20-28°С-тан -15-20°С-қа дейін, күндіз
-8-18°С-тан -5-10°С-қа дейін, орталық аймақтарда ауа температурасы түнде -13-28°С-тан -7-15°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-тан -1-7°С-қа дейін ауытқиды, шығыста ауа температурасы түнде -15-28°С, күндіз -5-15°С шамасында болады деп болжануда.

Шығыс Қазақстан, Абай облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында нормадан +1° жоғары болады деп күтілуде.

Ақпан айында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында жауын-шашын нормадан көп болады деп болжануда.

Ақпанның ортасы мен соңына қарай республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады. Еліміздің басым бөлігінде қармен бұрқасын, жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Ауа температурасы батыста түнде -15-25°С-тан -7-15°С-қа дейін, күндіз
-5-10°С-тан -5+5°С-қа дейін, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде
-20-30°С-тан -10-15°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -2-7°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында түнде -10-18°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+10°С-қа дейін күтілуде.

Талқылау