Семейде мүгедек адамды тонау фактісі камераға түсіп қалған
Семей қаласының 50 жастағы тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азаматтың ақшасын тартып алған. Қылмыс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 50 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
"Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді тәртіп сақшылары.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ