"Қазақтың бір қызы осындай-ақ болсын". Төреғали Райым мен Ерке жұбын сынап жатқандарға жауап берді
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Raim мен Еркеге қолдау көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
©instagram.com/toregalitoreali
Өнер иесінің айтуынша, жұлдызды жұптың жас айырмашылығын айтып, даурығудың қажеті жоқ.
“Еркені бір адамдай танитын адам болса, ол мен шығармын. Екеуміздің дуэтіміз талайдың көзайымына айналды. Кейін жалғасын да түсірдік. Қанша концерттерде, тойларда, түсірілімдерде бірге жүрдік. Сапарларда қатар жүрдік.Қазақтың бір қызы осындай-ақ болсын.
Бұл енді менің өз ұстанымым. Өнері де, табысы да бір басына жетерлік болса да, ер азаматқа дауыс көтеріп, жолын қиған кезін көрмеппін. Отбасы да, өскен ортасы да қазақы, тәрбиелі кісілер.
Ал енді қазіргі жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі Райым бауырымыз туралы Ерке сияқты терең білмесем де, жақсы танимын, өнерін бағалаймын.
Миллиондардың жүрегін жаулап ол жерге тұрақты жол табуға талассыз талант пен қоса үлкен еңбек керек”, – деп жазды Төреғали.
Әнші әріптестерінің қарым-қатынасынан еш әбестік көрмейді. Жас айырмашылығының да маңызы жоқ деп ойлайды.
“Ал енді айтыңыздаршы, осы жұлдызды жұптың жүрек жарастығынан кімге қандай зиян? Еркенің жасы ма бар әңгіме, әрісі Пайғамбар ғ.с.м мен Хадиша анамыз берісі кешегі арғы-бергі тарихымызда бұған мысал өте көп.
Кейде мәжбүрліктен, кейде шынайы махаббаттан, кейде әмеңгерлікпен мұндай жас айырмашылықтары бізде болып тұрған.
Бұл жерде Алланың шариғаты, адамның табиғаты бұзылып жатқандай аттандаудың себебін көріп тұрған жоқпын.
Қазір небір арсыздықтар мен адамның ауызы бармайтын азғындықтардың белең алып тұрған шағында азаматын тауып, етегінен ұстап, ақ ниетпен, ақ некесін қидыруға мешітте отырған екі әріптесімізге кей кісілердің неге шүйліккенін түсіне алмай далмын”, – делінген жазбада.
Сондай-ақ, ол өнердегі әріптестеріне шын жүректен тілекші екенін жеткізді.
“Ештеңе жоқ, су ағады, тас қалады. Адамдар тағдырын өзі жазса бұдан қиын шимай-қатпақ қылар еді, сондықтан Алланың жазған тағдырына мойынсұнып, ақырының қайырын сол Жаратушының өзінен ғана тілеу керек. Рахат ақын айтқандай, “бос сөйлейтіндер мен көп сөйлейтіндер, шешпейді біздің тағдырды”.
Райым, Ерке, лайым бақытты, ғұмырлы болыңдар.
Мен сіздермен біргемін әрі әркез тілекшімін”, – деп жазды өнер жұлдызы.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
