Ер адам байқаусызда аты-жөні, сырт келбеті және жұмысы өзімен сәйкес егізін жолықтырып қалды
АҚШ-тық баскетболшы өзінің атымен, түрімен және жұмысымен ұқсастығы бар егізі бар екенін біліп, онымен кездесіп, ДНҚ тестін тапсыруды ұсынды. Олардың оқиғасын The Sun жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2015 жылы Брэйди Фейглдің шынтағына ота жасалады. Алты ай өткен соң, клиника қызметкерлері ер адамның жаттықтырушысына қоңырау шалып, операцияға қашан келетінін сұрайды. Жаттықтырушы таңданып, баскетболшыға операция жасалғанын, қазір оңалтудан өтіп жатқанын айтады.
Осылайша, Фейглдің баскетбол ойнайтын, ұқсас жарақат алған, толық аты-жөні сәйкес келетін егізі бар екені анықталды. Спортшыға Фейглге ота жасаған дәрігер операция жасауы керек болған. Ер адамдардың сырт келбеті де өте ұқсас. Екеуі де сары, бойлары 193 сантиметр, екеуі де баскетболшы және көзілдірік киеді. Айырмашылық тек жастарында ғана. Бір Фейгл екіншісінен бес жас үлкен.
Өз ұқсастықтарына таңғалған баскетболшылар туыстықтары бар-жоғын тексеру үшін ДНҚ тестін тапсыруға шешім қабылдайды. Алайда олардың арасында ешқандай қан байланысы табылмапты. Дегенмен Фейглдердің үлкені өздерінің енді ағайынды болатындарын айтты.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында тағы бір ер адам қонақүйдің бассейнінде шомылмақшы болады. Күтпеген жерден жақын жерде жүзіп жүрген өзінің егізін кездестіріп қалады. "Оны көргенде: "Қарғыс атсын, бұл жігіт мен айнадан көрген адамға ұқсайды деп ойладым. Кейіннен ол маған қарағанда мықтырақ көрінеді деп ойладым", — деп мойындады ол.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
