Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатылады

Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін тани алатын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Ондай камераны мүмкіндігінше төмен орнату ұсынылып отыр.

Сонда адамның бет-бейнесі анық түседі. Сондай-ақ адамдардың жасырыну мүмкіндігі барынша аз болатын ракурс таңдалады. Ал бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады.

Олар:

тәуелсіз параметрмен қос ағынды қолдау;

4 метрден тану дистанциясы кезінде 1920х1080 пиксельден кем емес, ал 4 метрге дейін тану дистанциясы кезінде 1280х720 пиксельден кем емес;

кадр жиілігі секундына 25 кадр;

тұрақты тоқ 12 вольт;

көшедегі бейнекамералар үшін - 45 градус +55 градус, ал іште орнатылатын бейнекамералар үшін 0-ден +55 градусқа дейін.

Бұдан бөлек, адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар:

бейнедегі тұлға алдыңғы қатарда тұруы;

бастың айналуы, қисаюы және ауытқуы кез-келген бағытта 5 градустан төмен болуы;

жарықтың бетіне біркелкі түсуі;

адам кескіннің кем дегенде 60 процентін алуы.

Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды. Камераларды орнату кезінде үй-жайлардың иелерінен рұқсат алынады.

Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.

Талқылау