Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрі-дәрмек пен басқа да заттарды қаладан тапсырыспен алдырамыз": Атырау облысының тұрғындары интернет қосылғаннан кейін ауылда не өзгергенін айтты

2020 жылы еліміздің ауыл-аймақтарын сапалы байланыспен қамтуға бағытталған "250+" ауқымды жобасы іске қосылды. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен ұялы байланыс операторлары 250 және одан да көп тұрғыны бар ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете бастады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, жоба аясында ірілі-ұсақты мың жарымнан астам елді мекен тұрғындары Beeline-ның кең жолақты интернетіне қол жеткізді. Байланыс операторы желімен қамтыған ауылдардың арасында Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Ақжайық ауылы да бар. 

Ақжайық ауылы Атырау қаласынан 90 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің оң жағалауында орын тепкен. Елді мекенге республикалық “Атырау – Индер – Орал” тасжолымен жетуге болады.

Ақжайық Батыс Қазақстан тұрғындарына тіл үйірер дәмді қауын-қарбызымен танымал. Өңірге аяқ басқан әрбір адам жол-жөнекей жолда егілген өнімнің дәмін татпай өтпейді. Бүгінде ауылдықтар бүкіл Атырау облысын қарбызбен қамтамасыз отырғандарын айтады. 

“Біз ауылымыздың қарбыздарын мақтан етеміз. Қазір облыстың кез келген тұрғынынан “Қай жердің қарбызы тәтті?” деп сұрасаңыз, бірден “Ақжайықтың” деп жауап береді. Қауын-қарбызды Атыраудан бөлек, көрші облыстарға да жөнелтеміз. Бұған жақында ауылда қосылған интернет көп көмегін тигізіп отыр. Көбіміз жолда отырып сауда жасаудан бөлек, WhatsApp арқылы сатып алушы іздеп табамыз. Осылай күнделікті нәпақамызды тауып отырмыз”, – дейді қарбыз сатушысы. 

1200-ден астам тұрғыны бар ауылдың жұмысқа жарамды тұрғындары егістік алқабына тартылған. Қарбыз маусымы қызып тұрған шақта сауда ауылдықтардың негізгі табысына айналатын көрінеді. 

Ақжайық кішігірім қалалардан кем түспейді. Ауылда мектеп, балабақша, дәрігерлер амбулатория, мәдениет үйі сынды әлеуметтік мекемелердің бәрі бар. 

“Ауылға әкім болып өткен жылы сайландым. Жеке кәсіпкерліктен мемлекеттік қызметке ауысып, тұрғындардың қажеттіліктерін өтеп, өңіріміздің гүлденуіне атсалысудамыз. Қазір ауылдағы үйлердің барлығында дерлік интернет бар. Одан бөлек, Ақжайықтағы басқа да инфрақұрылымдарды дамытудамыз”, – дейді Ақжайық әкімі Ақтұрлан Ерманов. 

Айта кетсек, Ақжайыққа кең жолақты желі 2021 жылы үкімет әзірлеген “250+” бағдарламасының аясында қосылған. Бүгінде елді мекен тұрғындары Beeline ұсынған  мобильді байланысты белсенді қолданып отыр. 

Интернет секілді өркениеттің келуі ауылға жас мамандардың қайта оралуына әсер еткен.Мәселен, 28 жастағы Әнуарбек Қанатов Х. Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университетінде білім алып, туған жеріне қайта оралған. Қазір ол Ақжайықтағы білім ордасында география пәнінен сабақ береді.

“Меніңше, әрбір жас маман ауылға келіп еңбек етіп көруі керек. Егер бәріміз де қалаға кетсек, ауыл балаларын кім оқытады? Ауылымызда қажеттінің барлығы да бар, бастысы, сапалы интернетке қол жеткіздік”, – дейді жас ұстаз. 



Педагог ғаламторды балаларға сабақ оқытуда белсенді пайдаланатынын тілге тиек етті. Оның сөзінше, интернеттің көмегімен оқушылардың пәнге деген зейінін ашу оңай бола түскен. 

“Өздеріңіз білетіндей, қазір балалар қолдарынан телефонын тастамайды. Дегенмен мұғалімдер мұны өз пайдасына жаратуды үйреніп алды. Интернет тұрғанда сабағымызды қызықты етіп өткізудің сан түрлі тәсілдерін табуға болады. Әсіресе география пәні үшін ғаламтор – таптырмас оқыту құралы. Арасында оқушылармен мессенджерлер арқылы байланысып тұратын кездеріміз де бар”, – дейді ұстаз. 

Ауылдағы амбулаториялық орталық мамандары да интернеттің өз кәдесіне жаратуды үйреніп алған. Дәрігер Гүлсім Талғатқызының айтуынша, қазір ол электронды кезек пен база арқылы науқастардың бәрін қадағалап отырады.

“Тұрғындар да электронды жүйеге үйренді. Барлығы электронды кезектерін алады, қосымша сұрақтары болса, WhatsApp желісіне жазып жібереді. Интернет келгелі өміріміздің жеңілдегені рас. Қажетті дәрілер тізімін алу үшін сабылып амбулаторияға келіп жүрмей, мессенджер арқылы сұрай салады. Дәрі-дәрмектерді де интернет арқылы тапсырыс алғызған кездер де болған. Ал бұрын өздері барып, қаладан таба алмай, шаршап қайтатын”, – дейді медицина қызметкері. 

Ақжайықтың бүгінгі тіршілігі қайнап тұр. Ауыл тұрғындары бүгінде мобильді аударымдарды белсенді пайдаланып, әуе және теміржол билеттерін үйден шықпай ала салады. 

“Өзім Ақжайыққа Атырау қаласынан келін болып түстім. Менің ойымша, ауылдың қаладан еш айырмашылығы жоқ, қажетті дүниенің барлығын осы жерден-ақ таба аласыз. Туыстарымды сағынған кезде видео қоңырау шалып, сөйлесіп тұрамын. Қажет заттарымды интернет арқылы тапсырыс беріп, ауылға алдыртамын. Одан бөлек бұрынғыдай құжатымызды бірге алып жүрмейміз, электронды нұсқасын көрсете салсақ жеткілікті”, – дейді ауыл тұрғыны Айгүл Ақжігітіова.

Сапалы интернет қосылғалы бері Ақжайықтың жастары ауылдың өміріне белсенді араласа бастаған. 26 жастағы Закарьян Зинуллин – туған жерінің көркеюіне үлесін қосып жүрген жастардың бірі.

“Ауылымыздың жастары белсенді. Жергілікті WhasApp чаттарынан бір үйге көмек қажет дегенді естісек, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қолғабыс етуге дайын тұрады. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы Ақжайықты дамытуға арналған ой-ұсыныстарымызды жеткізіп отырамыз. Бір-біріміздің үйіне барсақ, бұрынғыдай ысқырып емес, қоңырау соғып шақырып аламыз”, – дейді ауыл тұрғыны. 

Айта кетсек, "250+" жобасының қатысушысы ретінде Beeline Қазақстан бойынша 1500-ден аса ауылға өз байланысы мен интернетін қосты.

«250+» жобасынан басқа, мобильді оператордың өз жобалары да бар. Мысалы, «LTE everywhere» жобасы. Аталған бағдарлама шеңберінде Атырау облысында 50-ге жуық кішігірім ауылда енді 4G байланысы болады. Олардың қатарында Сартоғай, Сафоновка, Исатай, Шортанбай, т.б. елді мекендер. Ал жақын күндері 4G байланысына Батырбек, Қоңыртерек, Сүйіндік, Балқұдық ауыл тұрғындары қол жеткізеді.   

Бүгінгі күні мобильді интернетті Атырау облысындағы Beeline абоненттерінің 79%-ы пайдаланады (2022 жылдың басындағы деректер бойынша). Атырау тұрғыны айына орта есеппен 21 ГБ трафик тұтынады, бұл 2021 жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ға артық.


"Ауылдықтардың спортқа деген әуестігін арттырды": Жылдам интернетке қолы жеткен Түркістан облысының тұрғындарының бүгінгі жайы қандай

Талқылау