Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мьянмада соңғы онжылдықта алғаш рет қоғам белсенділерін өлім жазасына кесті

Мьянма қарулы күштері демократияны жақтайтын төрт белсендіні өлім жазасына кесті. Бұл елдегі соңғы онжылдықтағы қолданылған бірінші өлім жазасы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап.

Елдегі хип-хоптың пионері – 41 жастағы Мьянманың бұрынғы депутаты Фио Зея Тоу мен Ко Джимми деген атпен танымал 53 жастағы жазушы және белсенді Кяв Мин Ю өлім жазасына кесілді. Екеуі де маусым айында үкімге қатысты апелляциялық шағымдарын жоғалтқан. Өлім жазасына кесілген тағы екі адам – Хла Мё Аун және Аун Тура Зау. Олардың барлығына "террорлық актілерді" жасауға көмектесті деген айып тағылған.

Бұл 1980 жылдардан бергі және 2021 жылғы ақпандағы әскери төңкерістен кейінгі хунта Аун Сан Су Чжи басқаратын ұлттық лиганың демократиялық жолмен сайланған үкіметін құлатқаннан соң жасалынған алғашқы өлім жазасы. 

Әскерилер Аун Сан Су Чжидің партиясының жеңіске жеткенін, алайда сайлау нәтижелері бұрмаланғанын мәлімдеді. Бірақ сайлау комиссиясының өкілдері бұл айыптауларды жоққа шығарды.



Ко Джимми 1988 жылғы студенттік көтерілістер кезінде әскери хунтаға қарсы шыққан демократиялық қозғалыстың 88-ші студенттер тобының ардагері болды. Ол бірнеше рет түрмеде отырған. 2012 жылы бостандыққа шығып, өткен қазан айында пәтерде қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырды деген айыппен қамауға алынған.

Фио Зея Тоу бұрынғы рэпер ғана емес, демократия үшін ұлттық лиганың бұрынғы депутаты және Аун Сан Су Чжидің жақын серігі болған.  Хип-хоп әртісі ретінде ол соғысқа қарсы сөздерімен хунтаның ашуына жиі тиген. Ол қараша айында террористік қылмыс жасады деген айыппен қамауға алынған.

Өлім жазасына кесілген басқа екі белсенді туралы мәліметтер аз. Олар хунта хабаршысы болған әйелді өлтіргені үшін сотталған.

Қаңтар мен сәуірдегі жабық сот процестерінде сотталған төрт адамға да өткен жылғы төңкеріс кезінде билікті басып алған және оның қарсыластарын басып-жаншуға кіріскен жасақшыларға қарсы күреске көмектесті деген айып тағылды.

Әскерилер алғаш рет маусым айында жариялаған өлім жазасы халықаралық талқыға түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әскерилердің шешімін "өмір сүру, бостандық және жеке бас қауіпсіздігі құқығын өрескел бұзу" деп атады.

"Бұл өлім жазасы – Мьянмадағы адам құқықтарының жантүршігерлік түрде бұзылуының тағы бір көрінісі. Халықаралық қауымдастық дереу әрекет етуі керек. Өйткені 100-ден астам адам өлім жазасы күтілетін түрмеде отыр", – деді Amnesty International аймақтық директоры Эрвин ван дер Борхт.

Олар отаршылдық дәуіріндегі Инсеин түрмесінде қамауда болған. Олар Zoom арқылы тек бір ғана туысқанымен сөйлесуге рұқсат алған.

Мьянмадағы мемлекеттік БАҚ дүйсенбі күні өлім жазасы кесілгені туралы хабарлады. Ал хунта өкілі кейінірек The Voice of Myanmar-ға өлім жазасына кесілгенін растады. Алайда көп жерде олардың қандай өлім жазасына кесілгендері айтылмаған, егжей-тегжейлі мәлімет болмаған.



Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бұл – 1988 жылдан бергі бірінші өлім жазасына кесу дерегі. Мьянмада бұған дейінгі жазалар дарға асу арқылы орындалған.

Маусым айында әскери мәлімдемеші генерал Зо Мин Тонг көптеген елде өлім жазасы қолданылғанын және ақталғаны жайлы айтты.

Хунта өлім жазасына жол берілмейтіні туралы шетелдік мәлімдемелерді "ойсыз" деп айыптады.

Global News Light of Myanmar мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, төрт ер адам  сөз байласып, нұсқаулар бергені, келіссөздер жүргізгені және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын лаңкестік әрекеттерді жасағаны үшін өлім жазасына кесілген.

Талқылау