Айқын Төлепберген Алматы әкімдігіне үндеу жасады
Танымал әнші Айқын Төлепберген Instagram парақшасында Көктөбедегі телемұнараның жобасы туралы Алматы әкімдігіне үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнерпаз телемұнараның түнде мүлдем көрінбейтініне налиды.
“Достар, қазір біз Көктөбедеміз. Көктөбе деген айналма дөңгелек пе, жоқ әлде мынау тұрған мейрамхана ма? Көктөбе – мынау тұрған телемұнара. Телемұнара – қаламыздың бренді. Неге мынау тұрғандардың бәрін жарқыратып қоямыз да, ал телемұнара жарықсыз қалды? Кез келген жерден қарағанда телемұнара көрініп тұруы қажет. Мысалы, Парижде Эйфель мұнарасы түнде жарқырап тұрады емес пе? Сондықтан біз телемұнарамызды жағып қоюмыз керек. Құрметті әкімдік, біз неліктен телемұнара үшін жарықты аяп жатырмыз?” – дейді әнші.
Оның бұл үндеуіне қала әкімдігі жауап қатпады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ