Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

250+ бағдарламасы блогерлердің жаңа белеске көтерілуіне қалай әсер етуде

Әлемдегі ақпарат ағымының үздіксіз өсуі цифрлық платформаларда контентті дайындау мен тұтынудың жаңа жаһандық өзгерістеріне алып келді. Соңғы жылдары видео формат негізгі трендтердің біріне айналып үлгерген. Желіге жүктелген контент статистикасына көз жүгіртсек, видео контенттің үздіксіз өсуін аңғаруға болады. 

Мұнымен қоса Қазақстанда кейінгі кезде live эфирлердің де танымалдылығы артуда. Бұған платформалардың мұндай контентті монетизациялау арқылы авторларды ынталандыруы да әсер етуде. Бір жағынан тұрақты әрі сапалы интернет болмағанда live эфирлер форматы желі пайдаланушыларының арасында кең тарамас еді. Елдегі мобильді және тұрақты интернеттің сапасының артуы блогерлерге кез келген жерден хабар таратуға және әлеуметтік бағытталған контент жасауға мүмкіндік сыйлайды. 

Трендтерге келер болсақ, өткен жылдардағы жалпы көлемінде ойын-сауық контентінің жетекші позицияларына қарамастан, 2021 және 2022 жылдар аудиторияның білім беру және әлеуметтік блог жүргізуге деген қызығушылығын көруге болады. Оның өсуіне себеп болған факторлардың бірі 250+ бағдарламасы болды. Жоба аясында еліміздің ұялы байланыс операторлары Қазақстанның ең шалғай түкпірінде мыңнан астам базалық станцияларды орнатып, тұрғындарға цифрлық қызметтерді пайдалануға, оқуға, әлеуметтік блогтар арқылы өз аймағының жетістіктері мен мәселелерін бөлісуге мүмкіндік берді. Tele2/Altel компаниясы әртүрлі байқаулар мен ауылдық контент авторларымен бірлесіп жұмыс істеу арқылы пайдалы контент жасаушыларға белсенді түрде қолдау көрсетеді. Мәселен, Tele2/Altel мен Түркістан облысынан келген көп балалы ана Әйгерім Оңғарованың бірлескен челленджі TikTok желісіндегі қолданушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. #интернетбар жобасы 2 миллионнан астам қаралым жинап, әп-сәтте көрермендер арасында танымалдылыққа ие болды. TikTok желісіндегі тағы танымал блогер, "Тарих ағай" лақап атымен танымал Нұрқожа Ерсайын Altel компаниясының қолдауымен өз блогында Қазақстан тарихы туралы қызықты деректер туралы әңгімелейді. Автордың танымалдылығының артуы тіпті TikTok платформасының қызығушылығын тудырды. Қазір желі өкілдерінің шақыртуы бойынша Нұрқожа қазір эфирге шығу және пайдалы контент жасау дағдыларымен бөліседі.

Дегенмен бейнеконтентті генерациялау және тұтыну есебінен трафиктің өсуі ұялы байланыс операторларының желілеріне айтарлықтай жүктеме беретінін атап өткен жөн. Сол себепті бұл мәселе қосымша инвестицияларды қажет етеді. Соңғы 5 жылда инвестицияның жоғары қарқынына қарамастан, салаға әлі де болса инвестиция қажет. Осы орайда халықты интернетпен жаппай қамтамасыз етуде байланыс операторларына салықтық жеңілдіктер беру арқылы ұялы байланыстың сапасын арттырудың  мемлекеттік қолдаудың бастамашыл бағдарламасы жемісті болып отыр. Соның арқасында еліміз бұл тұрғыда жетекші орынға шығуда. Бұған қарамастан, ұялы байланыс операторларының жеке қаражаты есебінен 97,5%-ға жабылған инфрақұрылымды құру және ұстау бойынша қаржылық жүктеме жоғары күйінде қалып отыр.  Ал бұл байланыс сапасын арттыру міндетін шешуде қосымша қиындықтар туғызады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Шілде, 2022 09:26
Талқылау