Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"MadMEN" тобының мүшелеріне қатысты іс не болып жатыр: Полиция жауап берді

Отандық "MadMEN" музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінде "MadMEN" музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам "мефедрон" синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді Ерлан Омарбеков.


"Сіздер білмейтін көп сыр бар": Mad Men тобының мүшелері есірткі сатумен айналысқан әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді


Еске салайық, ,бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында “MadMen” тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды. Есірткі қылмысына қатысы бар “MadMen” тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 14 Қазан, 2021 16:17
Талқылау