Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қымбаттату үшін әдейі өртейді": Шығыс Қазақстанда 2000 тонна шөптің күлі көкке ұшты

Қазақстанда жем-шөп тапшылығына байланысты тағы бір өңір қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында қазірдің өзінде 2 мың тонна шөп өртеніп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасы.

Өрт сөндірушілерге пішендегі өрт туралы хабарлама күн сайын түсетінін айтады. Алайда оқиға орнына жеткенде, әп-сәтте жанып таусылатын маяны сөндіру мүмкін емес көрінеді. 

"Қазірдің өзінде шамамен осындай 48 өрт оқиғасы тіркелді. Негізінен мұндай оқыс жағдайға отты қолдану кезіндегі абайсыздық себепші болып отыр. Сонымен қатар қасақана от қою күдігі де бар", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Титов.

Өңірде жеп-шөп бағасы екі есеге жуық қымбаттап кетті.

"Өткен жылы пішеннің бір тоннасын 25 мың теңгеге сатып алсақ, биыл жақсы шөпті 50 мыңға алуға тура келіп отыр. Қолымда бес ірі қара мал мен бұзаулар бар. Қыстап шығу үшін 10 тонна, бұзауларға тағы екі-үш тонна жем-шөп керек. Сонда оны сатып алуға 500-600 мың теңге қажет болып отыр", – дейді шаруа Нұрлан Әбдірахманов.

Ауыл тұрғындары шөп бағасын қымбаттату үшін маяларды әдейі өртеген болуы мүмкін екенін айтуда.

Қазақстанда жаздың құрғақ болуына байланысты бірқатар өңірде жем-шөп мәселесінде қиындықтар туындады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр