Денсаулық сақтау министрлігі депутаттардың сынына жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындардың медициналық қызмет сапасына қанағаттанбауы туралы депутаттардың сынына және Алексей Цойдың халық алдына шығуы туралы өтініштеріне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлермен үнемі байланыста. Министр және оның орынбасарлары тұрақты түрде өңірлерге барып, аймақ басшылары мен денсаулық сақтау басқармаларының басшылары деңгейінде ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметкерлермен және азаматтармен тікелей медициналық ұйымдарда кездесулер өткізеді”, – дейді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрі 15 сәуірде министр Алматы облысына барып, 27 сәуірде премьер-министр Асқар Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында жаңа медициналық мекеме және аймақтағы вакцинациялау жұмыстарына тексеру жүргізген.
21 мамырда министр Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен танысып қайтқан. Ал 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысына, Семей қаласына жұмыс сапарымен барған. 24 мамырда ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданаралық ауруханасында болды, аурухана қызметкерлерімен кездесті.
"Цой Алматы облысында Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылының дәрігерлік амбулаториясында, Талғар ауданының Ақбұлақ ауылындағы жылжымалы медициналық кешеннің ішіндегі коронавирустық вакцинация пунктінде болды, сонымен қатар Еңбекшіқазақ аймағындағы бірнеше вакцинация пункттерін аралады. Ауылдардағы денсаулық сақтауды дамыту министрліктің басым бағыты болып табылады. Барлық қызметтердің назары осы саланы дамытуға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы кесте бойынша аймақтарға сапарға шығады", – деді денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ ведомство депутаттардың журналистердің сұрақтары жауапсыз қалады деген сынына түсініктеме берді.
"Жақын уақытта Алексей Цой аймақтық денсаулық сақтау мекемелерімен жұмыс және бақылау нәтижелері бойынша БАҚ өкілдерімен кздесу өткізеді", – деп уәде етті денсаулық сақтау министрлігі.
Еске салсақ, парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бөлім жұмысындағы олқылықтар туралы білу үшін емханаға барып, халықпен әңгімелесуді ұсынды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
