Қазақстандық брокер арқылы халықаралық компаниялардың IPO-ларына қалай қатысуға болады
Соңғы жылдары Қазақстандағы қор нарығына деген сұраныс арта түсті. Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, 2020 жылдың өзінде ашылған есепшоттардың үлесі 22%-ға өскен. Мемлекет биржаның кәсіби қатысушыларына жағдай жасай отырып, қаржы нарығының дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Осылайша, халықаралық деңгейде қаржы қызметтерін ұсыну мақсатында "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құрылды.
2020 жылы мамырда Қазақстандағы "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) әлемдік биржаның құнды қағаздарын қолжетімді ететін Freedom Finance Global PLC жаңа брокерлік ұйымы қызмет көрсету туралы лицензияға ие болды.
Freedom Finance Global PLC жұмысын АХҚО-ның қаржы қызметтерін реттейтін комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) қадағалайды.
AFSA лицензиясына сәйкес, "Freedom Finance Global PLC" қоғамдық компаниясы инвестициялық операцияларды негізгі тұлға, ал инвестициялық операцияларды агент ретінде жүзеге асыруға, инвестициялық менеджмент, инвестициялық кеңес беру және инвестициялық операцияларды ұйымдастыруға құқылы.
Айта кетерлік жайт, "Freedom Finance Global PLC" қоғамдық ұйымы - Freedom Holding Corp 100% еншілес компаниясы.
Freedom Holding Corp. - 8 елде ұсынылған халықаралық инвестициялық топ. Бұл елдердің қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Кипр және АҚШ бар. Холдингтің меншікті капиталы 225 миллион АҚШ долларынан асады. Freedom Holding Corp. (FRHC) Nasdaq капитал нарығында тізімделген. Ал оның бағалы қағаздары Apple, Microsoft, Facebook, Starbucks және басқа да әлемдік компаниялардың акцияларымен бірге биржада сатылады. Холдингтің қызметін АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) реттейді.
Холдингтің акционерлеріне Goldman Sachs, Швейцария Ұлттық Банкі, Renaissance Technologies, Arrowstreet Capital LP, Blackrock, Vanguard, Allianz SE, FMR LLC., Credit Suisse, Vanguard және т.б. кәсіби институционалдық инвесторлар кіреді. MSCI агенттігі Freedom Holding Corp. ұйымын MSCI U.S. Small Cap 1750 және MSCI U.S. Investable Market 2500 индекстеріне енгізді.
AFSA қаржылық нарықтың әділ және ашық болуына жағдай жасайды. AFSA өз кезегінде АХҚО қатысушыларына қатысты санкциялауға, бақылауға және қажет болған жағдайда заңды орындауға өкілетті.
Шетелдік инвесторларды тарту үшін АХҚО базасында Сот пен Халықаралық төрелік орталығы құрылды.
АХҚО соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық принциптеріне және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. Ағылшын жалпы құқығының әлемдегі юрисдикциялардың 27%-ында қолданылатыны, халықаралық мәмілелер мен көлемді сот практикасында пайдаланудың көпжылғы тәжірибесімен сипатталатындығы атап өтуге тұрарлық.
Компания 2020 жылдың соңынан бері клиенттерді тарту, оларға қызмет көрсету және шот ашу бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Осы қысқа мерзім ішінде ұйым елеулі нәтижелер көрсетіп үлгерді.
2020 жылдың желтоқсанынан бастап 2021 жылдың сәуір айының соңына дейінгі бес ай ішінде компанияда 12 мыңнан астам шот ашылып, 200 мыңға жуық транзакция жүзеге асырылды.
Клиенттерге деген бірқатар артықшылықтардың арқасында осындай көрсеткіштерге жету мүмкін болып отыр. Мұндай артықшылықтар қатарына дербес шот ашу мүмкіндігі, шетелдік биржаларға қол жеткізу (NYSE, NASDAQ, Лондон қор биржасы, MOEX және SPB биржасы, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), бірыңғай валюта шотын жатқызуға болады. Freedom Finance Global клиенттері холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі - америкалық компаниялар өткізетін алғашқы ұсыныстарға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізе алады (IPO - Initial Public Offering - бұл ашық акционерлік қоғам акцияларын қор биржасында ашық жазылым арқылы бастапқы орналастыру процесі).
Жалпы, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін клиенттер Freedom Finance Global арқылы 48 IPO-ға қатыса алды. Сондай-ақ, үш айдағы (16 компания) орташа кіріс көлемі 90%-ды құрап, барлық IPO-лар үшін 45%-ға жетті. Үш айдан кейінгі 475% мөлшеріндегі максималды кірісті компания клиенттері Upstart Holdings (UPST) IPO нәтижесі бойынша алды.
Ақша есепшотқа түскен кезде автоматты түрде АҚШ долларына айналады және 10 минут ішінде клиенттің брокерлік шотына түседі.
Барлық операцияларды Tradernet.Global сауда платформасында тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қашықтықтан жүзеге асыру қарастырылған. Платформа барлық негізгі операциялық жүйелерде қол жетімді: Windows, Mac, iOS және Android.
Жеке және заңды тұлғалар үшін шот ашу екі жолмен жүргізіледі: өз бетінше (tradernet.global сайты арқылы) және кеңесшінің көмегімен.
Ақша аударымдары мен шотты толтыру бірнеше ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асырылады: бар-жоғы 5-10 минуттан кейін сіз кез келген халықаралық платформада транзакция жасай аласыз.
Компания тұрақты дамуды, көркеюді, жұмысты оңтайландыру және қызметтерді пайдалануды ыңғайлы ету үшін жаңа процестерді енгізуді алға қойған. Болашақта Freedom Finance Global PLC тек қазақстандықтарға ғана емес, басқа елдер азаматтарына қызмет көрсететін толыққанды брокеріне айналмақ.
Толық ақпаратты білу үшін төмендегі сұратылым формасын толтыруыңызға болады.
Басылым адамдардың шектеусіз тобына арналған және Freedom Finance Global PLC - Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) ережелеріне сәйкес тіркелген әрі жұмыс істейтін компанияның жарнамасы болып табылады. Компания мыналарды: (а) негізгі және агент ретінде инвестициялық қызметті; (b) инвестицияларды басқаруды; (с) инвестициялық кеңес беруді; (d) инвестициялық операцияларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 2020 жылдың 20 мамырында AIFC қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы берілді. Қаржы құралдарын инвестициялаудың тәуекелі мол. Әрі ол кірістілікке кепілдік емес. Өткен инвестиция нәтижелері де болашақ табысқа кепілдік бермейді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
