Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шпекбаев жемқорлықты жеңудің жолын атады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы сауда-саттық саласындағы жемқорлықпен жеңудің жолын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

цифровой тенге

"Тәжірибе көрсеткендей, сатып алу саласы көлеңкелі экономиканы жандандыратын және жемқорлық тудыратын саланың бірі. Сондықтан Ұлттық палатамен ("Атамекен" ҰКП) бірлескен жұмыстың тағы бір бағыты - бюджетті қалыптастыру кезінде де, оны игеру кезінде де баға комплаенсін енгізу. Жасыратыны жоқ, көбінесе бюджетке салынатын бағалар жемқорлық мүдделері үшін әдейі қымбаттатылады. Осыған орай біз нақты бағалар мен іске асырылған шарттар негізінде қандай да бір сатып алудың бюджетін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бюджетін "ұлғайтуға" мүмкіндік бермейді. Осылайша, үлестес компаниялардың баға ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау артта қалады", - деді  Шпекбаев 

Сөзінше,  орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою проблемасын шешу үшін оларды егжей-тегжейлі жариялау, сондай-ақ тапсырыс берушілердің оны мысалы 3 күннен аспайтын мерзімде қарауын енгізу ұсынылмақ.

"Цифрлық теңгені тез арада енгізу – сатып алудағы жемқорлық проблемасының іргелі шешімі, бұл бюджет қаражатын игерудің бүкіл процесін қадағалауға мүмкіндік береді, "қолма-қол ақша" схемаларын және жалған кәсіпорындар құруды тоқтатады", - деп қосты ол.

STAN.KZ
Жұма, 29 Қаңтар, 2021 11:31
Талқылау