Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медбике қыз жаңа туған 8 нәрестені өлтірген деп айыпталды

Ұлыбританияда 30 жастағы медбикеге сегіз адам өлтіру және жаңа туған нәрестелерді өлтіруге 10 әрекет жасағаны үшін айыпталды.

Британ полициясы медбике Люси Летби сегіз кісі өлтіру және жаңа туған балаларды өлтіруге 10 әрекет жасады деп мәлімдеді. Балалардың кенеттен мерт болуына қатысты тергеу 2017 жылдың мамырында басталды. Полиция 2015 жылдан 2016 жылға дейінгі сәбилердің өлімін тексерді.

Летби 2018 жылы қамауға алынды, содан кейін тергеу кезінде кепілге босатылды. Бірақ ол жақында тағы қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлтіру мен жаңа туған нәрестелерге зиян келтіру әрекеттері 2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейінгі аралықта болған дейді.

30 жастағы медбике Люси Летбиге қатысты сот ісі 12 қарашада өтеді. Ол 2011 жылы Честер университетінде балалар медбикесі біліктілігін алғаны белгілі. Оқуды бітіргеннен кейін ол жергілікті филиалға жұмысқа орналасты. Полиция қайтыс болған балалардың ата-аналары бұл оқиғадан хабардар екенін және қазір тергеумен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда төрт жүкті әйел ковидті пневмониядан қайтыс болды. 

Талқылау