Талдықорған тұрғыны төлем терминалын көлігіне тиеп ұрлап кеткен (видео)

Талдықорғанда ойын-сауық орталығында тұрған төлем терминалын тұрғын көлігіне тиеп алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ұры

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне ойын-сауық орталықтардың бірінде орналасқан төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліпті.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз жүріп далаға шығарып алған ол тоқтатқан таксиіне тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған. Такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан. Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындыруға тырысқан. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік" , – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алыныпты. Енді кінәлі азамат бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.
 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр