Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан екі жасар бүлдіршінді жақын арада ауруханадан шығармақшы

Алматыда коронавирусқа шалдыққан екі жастағы бала жақын арада ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Бұл туралы қаланың бас дәрігер Тілеухан Әбілдаев мәлім етті. 

«Екі жасар баланың денсаулығы жақсарды, бүгінгі күні қанағаттанарлық жағдайда. Бүгін соңғы талдауларын күтудеміз, егер олар теріс нәтиже берсе, онда ауруханадан шығаруға дайынбыз», - деді басқарма басшысы.

Қазір Алматыда 76 адам коронавирусқа байланысты ем қабылдап жатыр екен, олардың екеуі бала көрінеді. 

«Емдеуге жатқызылғандардың бірі Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. 1971 жылы туған әйел ЖРВИ белгілерімен жағдайы нашарлап Алматының көпбейінді клиникалық ауруханасына жүгінген. Оған зерттеулер жүргізіліп, екі жақты төменгі дәрежелі пневмония анықталды. COVID 2019-ға да талдаулар алынды, нәтижесі расталды. 30-ы күні ол біздің қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды», - деді басқарма басшысы.

Тілеухан Әбілдаев бір науқастың жағдай ауыр екендігін атап өтті, Тғаы 9 науқастың жағдай орташа деп бағаланса, қалғандарының жай-күйі қанағаттандырарлық көрінеді. 

«Жаңадан анықталған 9 адамның барлығы басқа жақтан келгендер. 30 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен бес адам ұшып келді. Алтыншы пациент 29 наурызда Минск-Алматы рейсімен және осы айдың әр күндері Дубайдан үш адам ұшып келді», - деді Әбілдаев.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336-ға жеткені айтылған еді.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр