Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ құлаған үй иесі: Артығымен ақша өндіріп ал деп жатқандар көп

Ұшақ құлаған үйдің иесі қазақстандықтарға үндеу жасады. Решет Қалибек Fokker 100 ұшағы құлаған күні журналистерге сұхбат бергенін, алайда олар ақпаратты жариялауға рұқсат сұрамағанын айтты.

Ұшақ құлаған үй иесі: Артығымен ақша өндіріп ал деп жатқандар көп

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқан азамат, қираған баспанасына өтемақы өндіріп алу туралы мүлдем ойламағанын жеткізді. Тіпті оған үйіндіге айналған үйінің шығын артығымен өтеп алуға кеңес бергендер болыпты. Сонымен, баспана иесі қандай шағым жазып жүр? Бұл үй қашан салынған және ол неге қараусыз қалған?

Әуежайдан 3 мың метр қашықтықта қандай бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатаң түрде тыйым салынған. Заң солай. Бірақ байқасаңыз, қоршау аймағынан бірнеше метр жерде-ақ бүтін бір қалашық бой көтерген. Ал сол қалашықтың қашан, қалай пайда болғанын жергілікті әкімдіктің өзі білмейді.

Бұл маңның тұрғындары ұшақтардың ұшып қонғанын күнде көреді. Тура төбесінен төніп келетін әуе кемесіне көздері үйренген.

Үстімізге ұшақ құлап кетпесін деп күндіз түні тәңірден тілеп жүрген жалғыз бұл жанұя емес. Бәрі сатып алғанбыз дейді. Ұшақ құлаған үйдің иесі де, осыдан 5 жыл бұрын 14 мың долларға алыпты. Жердің құжаты бар, үйдікі жоқ. Өйткені бітпеген.

«Бітпеген үйге құжат жасамайды ғой. Өзіміздің заңда солайбелгіленген. Енді оның ақшасын даулайтындай жағдайда емеспін. Кішкене өз- өзіме келіп алайын. өздері айтқан төлейміз деп мен ол туралы ештеңе сұраған жоқпын. Өздері төлем береміз деді+әкімшілік айтты», - дейді үй иесі Решет Қалибек. 

Ал, әкімдіктегілер бізге былай деді.

«Бұл үйдің заңсыз тұрғызығаны айдан анық. Жер телімінің негізгі мақсаты қандай. Ауырлшаруашылы деген сиқты бөлінеді ғой, соны анықтаймыз. Арнайы тексерістіңғ қорытындысы бақ арқылы көпшілікее жеткізілетін боалды. адамның құжаттары толық болса, неліектен заңдастыра алмады деген сұрақ туындайды. Және ол үйдің ол жерде тұруы бойынша сұрақтар бар. Қалайша тұрғызылды, кім рқсат берді. Ол бойынша толығымен тексеретін боламыз», - деді әкімдік.

«Біздің жүрегімізді қан жылатып тұрғаны үй емес»: Ұшақ құлаған үй иесінің ағасы шындықты айтты

Тұрғындардың айтуынша ұшақ соққан үйде апат болмай тұрып, Решет баласы әйелімен тұрған көрінеді.

"Бұл жерде бұрын кішкентай бала тұрған. Жылай берген соң көшіп кетіпті. Бала сезеді ғой бәрін", - деді тұрғын. 

Иә, бала жүрек жамандықты сезген болар. Ал басқа үйдегі балалардың,  бір сұмдықтың боларын алдын ала сезеріне кім кепіл.

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


 

Талқылау