Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат Манзоров ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға қатысушылар ассамблеясының 8-отырысында.

«Манзоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Бұл әрекет 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, әсіресе қызметтік жағдайды пайдаланумен жасалған ірі көлемдегі алаяқтыққа сәйкес келеді», - деді Бектенов.

Оның айтуынша, тергеушілер прокуратураға «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш жолдады.

«Тергеу мүддесі үшін қалған ақпарат жария етілмейді», - деді Бектенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны расталды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Қазан, 2019 15:09
Талқылау