Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Негізінен кәмелетке толмағандарды тартты": Қазақстандық 38 қыз Бахрейнде қалай жыныстық құлдыққа түсті

"Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" ҚБ заңгері Бехзод Тулаев Бахрейнге жұмыс істеуге кеткен қазақстандық қыздардың құлдыққа қалай түскені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

"Жұмысқа тартумен айналысқан адамдар алдымен қыздарға қарап, ең алдымен олардың отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды", — деді Бехзод Тулаев. — Олар қыздың барлық критерийлер бойынша сәйкес келетінін түсінген кезде, көндіруді бастайды. Шетелдерде қызметші, даяшы, тазалаушыларға жоғары ақы төленетінін әрі ол үшін тіл білу қажет емес екенін айтады".

Бұл ретте алаяқтар қыздарға екі-үш жыл жұмыс істеп келгеннен соң өзіне пәтер не көлік сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі болатынын айтады. Сөздері сенімді болуы үшін қаржылық жағдайын жақсартқан бақытты әйелдердің фотосы және видеолары көрсетіледі.



"Бір қарағанда, бәрі айтарлықтай сенімді көрінеді: олар келісімшарттар жасасты, кепілдік берді, сертификаттар берді. Жұмысқа орналасу перспективасына тек қыздар ғана емес, олардың туыстары да көз жеткізді. Қыздарды одан әрі жыныстық құлдыққа сату үшін құрығына түсіру барысында бұл адамдар өте ұқыпты әрекет етті. Ешкімді мәжбүрлеп алып кетпеді. Барлығы қыздар мен олардың жақындарының келісімімен болды", — дейді заңгер.

Айта кету керек, Бахрейнге келген бойда қазақстандық әйелдер шын мәнінде біраз уақытқа дейін уәде етілген қызметте жұмыс істеді, Яғни тазалаушы немесе даяшы болды. Олар жұмысы үшін жақсы ақы алды және сәттілік билетін ұтып алғанына сенімді болды.

"Бұл қыздар жалдаушыларға достары мен таныстарын тартуға көмектесу үшін жасалды. Оларға былай айтқан: Көрдіңіз бе, біз сізді алдамадық, сенде жақсы жұмыс пен жалақы бар. Құрбыларыңызға қалай жұмысқа тұрғаныңызды айтыңыз, біз оларға да көмектесеміз. Бірақ қыз құрбыларымен алаяқтарды танысырған соң көп ұзамай Бахрейнге қандай мақсатта әкелгенін білді.

Жұмыс берушілер қыздарды жезөкшелікпен айналысуы ұшін қомақты ақша (5-тен 15 мың долларға дейін) төлегенін айтты. Ұялы телефондары мен құжаттарын тартып алған. Қорқыта бастаған. Тілазарларды ұрып тастаған.

Қазір эксплуататорлар бұрынғыдан әлдеқайда айлакер әрі нақты жұмыс істейді. Олар шынжыр байламайды, мойнына салмақ салмайды, бірақ физикалық және моральдық әсер етудің көптеген басқа тәсілдерін табады. Мысалы, дымқыл параққа орап, кітаппен ұрады. Осылайша, дененің сыртқы бөлігінде ұрып-соғудың іздері көрінбейді, бірақ ішкі ағзада өте ауыр жарақаттар болуы мүмкін. Немесе электрошокерді қолданады. Мұның бәрін бізден көмек сұраған қыздар айтты", — деп толықтырды Бехзод Тулаев. 

150 томдық қылмыстық істе 38 жәбірленуші — Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, олардың екеуі кәмелетке толмағандар.

Олардың көпшілігі Бахрейннің құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция нәтижесінде 2020 жылдың қаңтарында босатылды. Қалғандары локдаун әлсірегеннен кейін Бахрейн Корольдігі мен Қазақстанның шекаралары ашылған уақытта отанына оралды.

"Құлдыққа түскен қыздардың көпшілігі жұмысқа қабылдау кезінде кәмелетке толмаған балалар болды. Оларды жіберген жерде жезөкшелікпен айналысуға тартылған 14-18 жастағы қыздар үлкен бағамен сатылды. Әсіресе 13-14 жастағы балалар бағаланады.

Сондықтан Бахрейндегі "тірі тауарларды" сатып алушылар олар үшін 15 мың долларға дейін төледі. Қыз неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның құны төмен болады. Мысалы, 25 жастағы қыздар әдетте "кәрі" болып саналды, сондықтан көбінесе қыздар 22 жастан аспайды", - деді заңгер.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы атышулы іске қатысты сот отырысы басталды. Сотталушылар орындығында 16 адам - төрт ер адам және 12 әйел адам отыр.

Талқылау