AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жын кірген": Атырауда сегізінші қабаттан секіріп кеткен қыздың өлмес бұрын жазылған хаты табылды

Атырауда биіктен секіріп өлген қыз тілдей хат жазып кетіпті Атырауда 18 жасар бойжеткен сегізінші қабаттан секіріп мерт болды. Қыршынынан қиылған қыз өлер алдында хат жазып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Асығыс жазылған хатта тылсым дауыстардың о дүниелік болған әжесіне асықтырғаны айтылыпты.    

“Подьезде есік кейде ашық тұрады. Сол арқылы кірді деп ойлаймын. Ол қыз біздің үйде де тұрмайды. Хатта да жазып кеткен, көрген боларсыздар? Ішіме бірдеңе кірді деген секілді. Ол енді белгілі нәрсе ғой, жын кірген немесе психологиялық ауытқу”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Бағдәулет Өміртаев.



Бойжеткен секіріп кеткен16 қабатты үй Атыраудағы ең биік нысан. Ол қаладағы ескі қасапхананың орнына салынған. Сегізінші қабаттан секірген қыз асфальтқа басымен құлаған. Қайғылы оқиға болған жерде қан ізі әлі жатыр. Мұндай жантүршігетін оқиға соңғы екі аптада Алмагүл ықшамауданында екінші рет боп отыр.

“Бұған дейін де 15 мамыр күні дәл осы ықшамауданның №10 үйінің тоғызыншы қабатынан әйел секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Ол іс бойынша да ҚК 105-бабымен тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – дейді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр