AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жасөспірімді қағып кеткен шенеуніктің ұлына 30 мың теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен шенеуніктің ұлымен болған оқиғаның қалай аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"30 сәуірде Түркістан көшесінде орын алған 2004 жылы туған кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған ЖКО фактісі бойынша сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес 16 жастағы кәмелетке толмаған баладан дене жарақаты анықталған жоқ.

Сондай-ақ, баланың заңды өкілі ЖКО фактісі бойынша жүргізушіге шағымданбады және істі қозғаудан бас тартатыны туралы жазбаша өтініш жазды", - деп хабарлады департаментте.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 600-бабы - "Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу"бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айыппұл 10 АЕК - 29 170 теңгені құрады.

Еске салсақ, Сара Бакирова Facebook парақшасында 21 жастағы жүргізушінің жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткеніне куә болғанын айтты.

"Жай ғана жасырынып қоймай, фитнес-орталықтың жанында тоқтап,  спортпен шұғылдануды жоспарлады. Бақытымызға орай, жақын жерде болған тағы бір қыз екеуміз жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, VIPнөмірі бар су жаңа 70-тің капотына соғылған 2004 жылы туылған бала қатты қорыққан және "травмадан кейінгі шок жағдайында болған".

Әйел жасөспірімді қағып кеткен көлікті жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы айдағанын жазды.

Кейін жағдайға кінәлінің әкесі түсініктеме берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр