Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихи фильмді Баянға неге тапсырдыңыз: Журналист Қозы мен Баян телехикаясын сынап тастады

Атышулы продюсер Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы эфирге шығарылған күннен-ақ сын астында қалды. Тарихи тақырыпты арқау еткен туынды көпшіліктің жүрегіне жол таба алмады. Туынды сынағандар қатарынан табылған белглі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы да телехикаяның кемшін тұстарын атап, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram желісіндегі парақшасында Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын сынап, кемшін тұстарын атап берді. Журналистің айтуынша, аталған туындының түсірілімі атышулы продюсерге тапсырылғанын естігеннен-ақ, фильмнің сәтті шығатынына күмәнданған екен.

«Кешеден бері Фейсбуктен жұртшылықтың «Баян Сұлу» телехикаясына наразылығын оқыдым. Ел сәтсіз түсірілгені жөнінде жазбаларды бұрқыратып жазып жатыр. Өз басым көрмедім. Отандық арналарды қарамайтынымды бірнеше мәрте жаздым да.
Алагөздің Баяны сол телехикаяны қолға алды дегеннен-ақ шошып едім. «Әй, құртты-ау тарихты, құрдымға жіберді-ау», – деп. Бекер емес екен де…
Мана ел шулай бергеннен соң кішкене анонсын көріп, екі бетімді шымшыладым. Сөздері өте жұтаң. «Балапан» телеарнасындағы «Қалқаңқұлақтағы» актерлері секілді кейіпкерлер әрең сөйлеп тұр. «Соншама ел шулайтындай телехикая қорқынышты ма?» деген сұрақ көкейімді тесіп барады. Әйтеуір, халық наразы», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ Бибігүл Дәулетбекқызы тарихи туындының түсірілімін Баян Мақсатқызына тапсырғаны үшін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді.

«Дәурен Абаев, Ерлан Қариннің қасықтап жинап жүрген абыройының күл-паршасы шықты десеңші? Тарихи фильмді түсіру үшін – жылдап дайындық керек екенін бұл пәтшағарлар ұмытқаны былай тұрсын, небәрі бірнеше айда «фук» еткізіп шығара салды. Әй, пәлі-ай! Анау-мынау емес телехикая етіп. Алагөздің Баяны өмірдегі өзінің басынан кешкен шытырманға толы хикаясымен тарихтағы Баян Сұлуды шатастырып алған секілді. «Өлдің, Мамай, қор болдың» деген осы де…

Дәурен мырза, Түркияның тарихи сериалы Осман Империясының Сұлтаны «Великолепный векті» (ред. Автордың сөзі өзгеріссіз берілген) түсіру үшін қандай мықты режиссерлер мен сценаристердің жұмылғанын білемісіз? Олардың телехикаясының кереметтілігі соншама, бірнеше мемлекет кезекте тұрып сатып алды. Хордың қызындай сұлуларды көргенде мына отырған өзім ғашық болып қалдым. Киімдерін айтсаңшы? Сүлейменнің Хюрремге айтқан сөздерін тыңдай бергің келеді.  Неге тарихи фильмді Баянға сеніп тапсырдыңыз?» – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Естеріңізге сала кетсек, түсірілімі бір айға созылып, көрерменге жол тартқан «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы 25 желтоқсаннан бастап «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіле бастаған еді.

Оқи отырыңыз:

Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Баян Мақсатқызының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы эфирден көрсетілмейтін болды

Меруерт Түсіпбаева Баян Есентаева түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынап тастады

Төреғалиді кешіргем: Асхат Садырбай әншімен болған дау жайлы шындықты жайып салды

Тоқтар Серіков: Шырша тікпеймін, бірақ әлемдік мерекеге қарсы шығуға хақым жоқ

Талқылау