Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай бокстан Олимпиада жолдамасын иеленді

Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.

Бұл Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы болмақ. 

Айта кетейік, ол 2012 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге иеленді. Назым Қызайбай 1993 жылы қыркүйек айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген.

Назым Қызайбай 2014 жылы Оңтүстік Кореяда болған турнирде алтын жүлде, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Юниор чемпионатында қола жүлдеге, Қытайдағы турнирде 3 орынға иеленді. Қазақстанның 3 дүркін чемпионы.

2016 жылы Астанада өткен əлемдік турнирде алтын медаль иегері атанды. Ол əйелдер арасындағы бокстан екі дүркін әлем чемпионы болды.

Еске салайық, бұған дейін екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасатынын жаздық. Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 13 шілде күні Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін  Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы қорғайды. 

Талқылау