Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев баспаналы болудың бір жолын ұсынды

Қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама пайда болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Ол ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады дегенді білдіреді.

Мемлекет басшысының дерегінше,  өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш саналады.

«Дегенмен бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін меншікті баспанасы  жоқ отбасы аз емес. Бұл тек қана әлеуметтік маңызы бар проблема. Оны шешу үшін барлық жағдай жасап, жалпы бұқара үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру қажет. Арзан ресурстар ұсыну тетіктері керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы оқыңыз:

Елбасы биылғы оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлді

Қазақстанды мереке күндері қандай ауа-райы күтіп тұр

Әбединова: Ұлым жәннәтта мені жүзі жарқырап күтіп алады

Алматыда автобус жүргізушілері акция арқылы төлем жасауға қарсы шықты

Талқылау