Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды мереке күндері қандай ауа-райы күтіп тұр

Мереке күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынды болады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды,  Қазгидрометке сілтеме жасап.

7-8 наурыз күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауу, боран, көктайғақ болады. Сонымен қатар, 25-30м/с  қатты жел соғуы мүмкін. Ал, оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман, кей жерлерде 23-28 м/с дейін көтерілетін батыс желі күтілуде.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-жашын (жаңбыр басым) қатты түсуі мүмкін. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, жазықтық жерлерде еріген ағынның және таулы өзендерде баурайлы ағынның пайда болуы күтіледі. Су деңгейлері көтеріліп жайылмаға шығуы мүмкін.
5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+70C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Тағы оқыңыз:

Әбединова: Ұлым жәннәтта мені жүзі жарқырап күтіп алады

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

Қалаулым” жабылсын: Қоғам белсенділері шоуды жабу үшін қол жинауға кірісті

Талқылау