Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбединова: Жүзінен нұр шашқан ұлыммен жәннат бағында кездесемін

Танымал журналист  Сәуле Әбединова соңғы үш айдың ішінде бірнеше жақын адамынан қатар айырылп, қайғыдан қара жамылып 60 күн құран оқып үйінде отырған.

“Ұлым Абзал өмірден өткен кезде мен үшін жарық дүниенің қызығы қалмағандай болды. Қара жамылып жылаумен болдым. Көз жасым 40 күн бойы тыйылмады. Ұлымның қайтқанына 40 күн өткенше тек құран оқумен болдым.

Мені қолдап, көңіл айтқан барлық адамға алғысым шексіз. Сіздердің айтқан ақылдарыңыздың,басуларыңыздың арқасында аяққа тұрдым. Енді мен тек өмір сүремін. Мен тірімін, бақытты болуым керек”,-деді  журналист Сәуле Әбединова.

Журналист соңғы үш айдың ішінде үш жақын адамынан айырылған.  Әбединова осы аралықта жұмысы да тоқтап қалғанын айтады.

” “Ақжүніс” деген журналым шығып жүрген. Соңғы кезде оның шығарылымы да тоқтады. Жеке басымдағы жағдай мен қаржы мәселесі себеп бұған. Ұлым қайтқалы тура бүгін 60 күн. 40 күні өткенше әр бейсенбі құран бағыштап отырдым. Енді мен басымды көтеріп, өмір сүруге кірістім.

Ұлым енді мені жәннәт бағында жап-жас, жадыраған, қуанышты бейнеде күтіп алады деп сенемін. Өткен күндердің бірінде құдайға ұлымның жағдайынан бір хабар бер деп жалындым. Расымен сол күні ұлымды түсімде көрдім.  Қалайсың деп жағдайын қайта-қайта сұрадым.

“Мама балаңыз ақымақ емес қой” дейтін сөзі бар еді. Соны айтты. “Бәрі жақсы, болады” деп ыржалақтап қояды. “Мұнда сол шақпайтын жылан бар екен” деді. Әрі қарайғы әңгімемізді ұмытып қалдым. Соған қарағанда ұлым қатты қиналып жүрген жоқ.”,-дейді Сәуле Әбединова.

Бұл туралы журналист “Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Бақытты әйел” бағдарламасында айтты.

Оқи отырыңыз:

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

Қалаулым” жабылсын: Қоғам белсенділері шоуды жабу үшін қол жинауға кірісті

Талқылау