Наурызда ҰБТ басталады: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырмақ
Қазақстанда ҰБТ басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады. Қазір тест тапсыруға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқушылардың 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тапсырмақ.
"Өтінімдерді тапсыру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақыты мен орнын өз бетінше таңдады. Бірінші күні республика бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады", – деп хабарлады ұлттық тестілеу орталығынан.
Көбіне оқушылар "Биология-химия" пәнін таңдады – 17,5%. Бұл пәндерді таңдап, дәрігер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандығына түседі. Одан кейін болашақ инженерлер мен IT мамандары "Математика-Физика" пәнін таңдады, ол – 17,1% және "Математика-Информатика" – 10,5%.
ҰБТ-да тапсырмалар саны 120, оның ішінде "Қазақстан тарихы" бойынша 20, "Оқу сауаттылығы" бойынша 10, "Математикалық сауаттылық" бойынша 10 және екі арнайы пән бойынша 40 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140.
Тестілеу уақыты: 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
Наурыздағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде түскендер, өткен жылдардағы мектеп пен колледждерді бітіргендер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын қазақстандықтар, сондай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуді жоспарлаған түлектер қатысады.
Еске салсақ, Қазақстанда халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ-дан өтпей-ақ грантқа түсе алатыны айтылды.