Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нәтиже жоқ": Тоқаев тағы да жол мәселесін көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика аймағындағы жол мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде. Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек", - деді президент.

Орайы келгенде Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолын жөндеу жұмыстарының да әлі күнге аяқталмағанын айтты. Президент бұл жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырды. Бұл жұмыс Үкімет пен әкімдердің ұдайы назарында болуы қажет екенін ескертті.

Президент Үкіметке еліміздің көлік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек қала ішіндегі жолдарды тиімді пайдалану, көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталығын құру туралы да сөз болды.


Дана Русланқызы
Бейсенбі, 22 Сәуір, 2021 13:35
Талқылау