Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұсылман деген - сатқын": Тәңірші дінді жоққа шығарды

Тәңірші дінді жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі тәңірші Тоқтар Абыз мұсылман деген ұғым сатқындықпен парапар деп, дінді жоққа шығарды. Оның айтуынша "мұсылман" сөзі қолданылмауы керек. Бұл терминді ислам дінін қабылдағандардың қолдануына тиым салынған. 

"Біздің тәңірлік дүниетанымда мұсылман деген - сатқын. Оның себебі "мысыман", "мұсылман", "масылман" деген үш түсінік бар. Ол заңға айналған қағидат. "Мұсылман" сөзін артқа оқысаң "намлысұм" деген сөз шығады. Таза исламистер мұсылманмын десе дұрыс. Егер ол таза ислами сөзбен муминмін, муслиммін деп тұрса қуанар едім. Бізде "масылман" деген сөз бар. Мойыныңа мініп алған, қазақтың дүниетанымын сатып, енжарлыққа кеткен адамдар", - дейді Тоқтар Абыз. 

Сонымен қатар Тоқтар Абыз тәңіршілідік діні туралы айтып берді. Бұл дінді жоққа шығару үшін дәлелдеу керек дейді ол. Тіпті абыз Меккеге баруға болмайтынын, оданда ата-баба аруағына табынуға бару керек екенін айтты.

"Тәңіршілдік - дін, наным, сенім, иланым. Пайғамбар деген қазақтың сөзі. Тәңірден деген, тәңір сенімі, тәңір нанымы деген жоқ деп сөзбен айтуға болмайды. Кітап бар. Ол ұлы дала мен табиғатта жатыр. Адамнан бастап, микробқа дейін - кітап. Бізде меккеге емес, мекеніне, туған жеріне барады. Сол жерге барып ата-бабаның басына зиярат жасайды. Тәңіршілдікте жаназа көкейден шығарылады", - дейді Тоқтар Абыз.

Талқылау
Пікір
Альмира
14 Мам, 20 жыл - 05:49

Осындайларға неге заңмен тыйым салмайсыздар?