AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласынан жеңіліп қалды

Мохаммед Әлидің немересі Бьяджо Али Уолш аралас жекпе-жектің (ММА) дебюттік жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек Монтанадағы (АҚШ) Fusion Fight League әуесқой турнирі аясында өтті. Бьяджо Али Уолш ММА дебютанты Девин Ротвелден жеңіліп қалды – қарсыласы тұншығу тәсілін қолданғаннан кейін ол екінші раундта берілді.

Бұрын 23 жастағы Али Уолш студенттік командада футбол ойнаған. Оның ағасы Нико Уолш – орта салмақтағы кәсіпқой боксшы. 21 жастағы спортшы бес жекпе-жекте бәрінде (төртеуі нокаутпен) жеңіске жеткен.

Мұхаммед Әли – тарихтағы ең атақты кәсіпқой боксшылардың бірі. 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы (1964-1966, 1974-1978), "Жыл боксшысы" және "Онжылдық боксшысы" атағының бес дүркін иегері. Америкалық боксшы мансабында 61 жекпе-жек өткізіп, 56 жеңіске жеткен (оның 37-сі нокаутпен). Мұхаммед Әли 2016 жылы 74 жасында дүниеден өтті.


“Бұларға дін ойыншық болды”: Хиджаб киіп уағыз айтқан қалаулымдық Камила көпшіліктен сөз естіп қалды 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр