Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында перзентханаға өз аяғымен келген келіншек тоғыз ай комада жатып, есін жимастан қайтыс болды

Өткен жылдың шілде айында Алматы облысы Ұйғыр ауданының перзентханасында кесар тілігімен босанған Динара Мусаева отадан соң 9 ай комада жатып қайтыс болды. Келіншектің ата-анасы сап-сау қызымыздың ажалы ақ халаттылардан болды деп отыр. Марқұмның отбасының адвокаты Stan.kz тілшісіне шын мәнісінде оқиға қалай болғанын тарқатып айтты.  

динара

Ұйғыр ауданының тұрғыны Динараға кесар тілігі алдын-ала жоспарланған күні жасалған. Адвокаттың айтуынша, ота жасалған соң Мусаеваны палатаға шығарған. 20 минуттан кейін жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер 2-5 минут ішінде жүрек жұмысын қайта қалпына келтіреді. Бірақ оған қарамастан жас келіншек комаға түседі. 

- 1989 жылы туған Мусаева комаға түскеннен кейін 9 ай жатады. 2019 жылдың сәуір айында есін жимастан қайтыс болды. Келіншектің жүрегі тоқтаған, - дейді адвокат Рүстем Гаитов.

Бұл іске 3-4 ай өткен соң араластым деген адвокат осы уақытқа дейін келіншектің барлық медициналық құжаттары түзетілгенін, фальсификация жасалғанын айтады. 

- Ота жасаған акушер-гинеколог кабинетін біраз уақыт аштырмай отырды. Тергеушілер бұзып кіріп, сол жерден құжаттардың барлығын тәркілейді. Бұл іс бойынша сараптама тағайындалып, 7 ай бойы жүргізілді. Сараптама аяқталғаннан кейін эксперттер дәрігерлердің қателіктері бар екенін көрсетті. Сараптамада өрескел қателіктер жіберілгені жазылған. Сонымен қатар, "Мусаеваға ота жасауда қателіктер көп кеткенімен, оның комаға түсуіне бұның қатысы жоқ" делінген.

Кейін сәуірде қайтыс болған соң қайтадан сараптама тағайындалып, тәуелсіз сарапшыларға құжаттардың бәрін өткіздік. Олар тексеріске берілген барлық медициналық құжаттарға фальсификация жасалғанын анықтайды. Сол үшін дәрігерлердің іс-әрекеті медициналық құжаттарда көрсетілген нәтижелерге сай келмейді. Соны дәлелдеу керектігін көрсетеді", - деген адвокат қазір тергеу аяқталмағанын айтады. 

Ең қызығы, кесар тілігін жасаған кезде тірі туылған баланы медициналық құжаттарда 14 мамыр күні "бала іште шетінеген" деп жазған. Мұны растайтын қағаздар бар. Ал жекеменшік сарапшылар: "Жатырында қан жиналған, оны акушер көрмеген" деп мүлде басқаша қорытынды шығарды. Қазірше осының бәрін тергеу керек. Бұйыртса, 1 айдан кейін сот басталады деп отырмыз", - дейді құқық қорғаушы. 

Айта кетерлігі, осы оқиғадан кейін аурухана басшыларына ешқандай шара қолданбаған. Облыстық денсаулық басқармасындағылар аурухана директоры Долаеваны жұмыста босатылғанын айтқанымен, бұйрықта ол кісі өз еркімен арыз жазып кетті деп тұрғанын айтады адвокат. Сорақысы сол кейіннен Долаеваны Талдықорғандағы бір ауруханаға бастық етіп тағайынған.

Мусаеваның ісі бойынша әлі ешкім күдікті деп танылмаған. Бірақ соңғы сараптаманың қорытындысы бойынша Дунгешова Гульнардың қателіктерін көрсетіп отыр дейді адвокат. 

Марқұмның отасына қатысқан дәрігерлер әлі жұмыс істеп жатыр. Ота жасаған Дунгешова марқұмның ата-анасынан 30 мың теңге көлемінде ақша алғаны да расталды. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұйғыр ауданының перзентханасында дәрігерлердің дөрекі қателігінен бес баланың анасы Дильмира Максутова қайтыс болғанын хабарлаған едік. 

Дайындаған: Жанна МӘЛІК

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі

ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді

Кредит беру туралы келісімге Алматы қаласында 12 желтоқсанда қол қойылды

Біртанов екпе салдарынан көз жұмды деген сәбидің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр баланың отбасына көңіл айтты және осы факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Продюсер: Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын

«Ақысын төлеймін»: Жапониядан келген қазақ келіншегі өзіне әке сатып алмақ

Назым Мукайяма әкелік мейірімді сезінгісі келеді

Сирек кездесетін металл алтынның абсолютті рекордын жаңартты

Сирек металдың бір унциясы 1912,35 долларды құрайды

Жедел жәрдем шақырудан бас тартты: Алматы тұрғыны пойызда күйіп қалған қызына көмек көрсетілмегенін айтты

ЖӘбірленуші: Жжолаушы әйелдің көмегімен аман қалдық

"Өнерге келгенде тоқалдың баласы сияқты қарап қалады": Саттар Ерубаев әртістердің қанша алатынын айтты

Актер: Қырылып, төбелесіп жатсақ, елге сол қызық, жыршы-жыраулар қызық емес

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті
Çàãðóçêà...