AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүгедек балаларды дәретханаға байлап тастаған": Атыраудағы оқиғаға қатысты әкімдік түсінік берді

Атырауда "дәретханаға байланған мүгедек балалар" туралы видеоға қатысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, бұл видеоны биылғы жылдың 8 сәуірінде шаруашылық бикесі түсірген.

"Басқарма басшылығы аталған видеоға байланысты №3 облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен жиын өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Тиісті бақылау жүргізбеген орталық директорына "қатаң сөгіс" беріліп, тәртіптік жаза қолданылды", – деді Альфия Төлеғариева.

Маусым айында облыстық прокуратура орталықтағы балалардың құқықтарын қорғау заңдылығына кешенді тексеру жүргізген. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен ҮЕҰ өкілдері орталықтағы қызмет көрсету барысымен танысқан.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары мен кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия прокуратура, депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізген. Комиссия мүшелері орталықты аралап, балалардың жағдайымен, тамақтану жайымен жіті танысқан.



Альфия Төлеғариеваның айтуынша, орталықта мүлік ұрлығы орын алып, оған шаруашылық бикесінің қатысы бары анықталған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаруашылық бикесі істің мән-жайы анықталғанға дейін қызметтен уақытша шеттетілді. Қазір ол орталықтың қызметкері емес. Орталық ұжымы оның үстінен облыс прокурорының атына ұжымдық арыз жазды. Арызда оның қызметтік этиканы сақтамауы, ұрлыққа барғаны, жала жабу мен басқа да заңбұзушылықтар туралы айтылған. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасы таралған бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізуде", – дейді Альфия Төлеғариева.

Еске слсақ, осыған дейін Атырауда дәретхананың жиегіне байланған мүгедек балалар түсірілген видео жұртты шошытқаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр