Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім оқушы қызға шашының табиғи түсі үшін ұрысып, шашын бояуға мәжбүрлеген

Мұғалім оқушы қызға шашының табиғи түсі үшін ұрысып, шашын бояуға мәжбүрлеген. Мұғалімнің ойынша, қызғылт сары түсті шаш табиғи болып көрінбейді екен.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сыныптағы басқа оқушылардың ата-аналары 12 жастағы Пэрис Лейннің шашының түсі мектеп ережесін бұзатынын айтып, мұғалімнен шара қолдануын талап еткен.

«Ол мектеп дәлізінде мені шақырып, шашымды басқа түскен бояу керек екенімді айтты. Себебі қызғылт сары түс табиғи болып көрінбейді екен», – дейді Лейн.

Мұнан кейін сыныптастары қызды келемеждей бастаған. Сондықтан анасы Никке сарғылт түсті бояу сатып алуға тура келіпті.

Алайда Ник мұғалім мен оқушылардың бұл әрекетіне ашуланып, Білім беру стандарттары жөніндегі басқармаға шағым түсірген.

Өз кезегінде басқарма өкілдері аталғаны мәселені шешуге көмектесуге уәде беріпті.

Оқи отырыңыз:

Малайзияда ер адам 2 жасар қызын құшақтап арқанмен көпірден секірді

Қазақстандық әйел АҚШ-та ерлігі үшін марапатқа ие болды

Желі қолданушылары әлемдегі ең бай адамның “итімен” түскен суретін көріп, оған “қауіп төніп тұрғанын” ескертті

АҚШ-та ер адам қолының саусағын кесіп алып, орнына аяғының башпайын ауыстырып салған

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Наурыз, 2018 20:10
Талқылау