Малайзияда ер адам 2 жасар қызын құшақтап арқанмен көпірден секірді

Малайзияда ер адам 2 жасар қызын құшақтап 60 метр биіктіктен арқанмен секірді.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жергілікті реалити-шоудың жұлдызы Мод Реда Розлан 2 жасар қызы Мекканы құшақтап, көпірден өзенге арқанмен секіреі. Тіпті, бұл кезде қыздың басында шлем болмаған.

Аттракцион иесі адамдар арқанмен секірер алдында құрылғыны тексеретінін және оны сенімді жеткізушілерден ғана сатып алатынын айтты. Алайда құқық қорғаушы Эндрю Коо қауіпсіздік шаралары бұзылғанын айтып отыр. Оның сөзінше, Розлан баланың өміріне қауіп төндіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, желі қолданушылары да ер адамды жауапсыздығы үшін айыптады.

Ал Розланның айтуынша, қызы өзімен бірге арқанмен секіруін өтінген. Сонымен қатар Мекканың үстінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдық болғанын айтып ақталды.

«Оған секірген қатты ұнады. Сондықтан тағы да секіруімізді өтінді. Бірақ мен қорықтым», – дейді Розлан.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық әйел АҚШ-та ерлігі үшін марапатқа ие болды

Желі қолданушылары әлемдегі ең бай адамның “итімен” түскен суретін көріп, оған “қауіп төніп тұрғанын” ескертті

АҚШ-та ер адам қолының саусағын кесіп алып, орнына аяғының башпайын ауыстырып салған

Ресейлік әнші Витас Барвихтегі үйінің маңында тапаншадан оқ атып, елді шулатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар