АҚШ-та ер адам қолының саусағын кесіп алып, орнына аяғының башпайын ауыстырып салған

АҚШ-тың Чикаго қаласында ер адамға қолының саусағының орнына аяғының башпайы ауыстырылып салынды.

Сурет: Видеодан кадр/ WGN News / YouTube

Бұл туралы WGN9 басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

45 жастағы Мело Хайрапетян ағаш аралап жатқан уақытта қолының саусағынан айырылған. Ол ағаш аралап аралап жатқан кезде күртесі араға оралып қалған. Салдарынан ара ер адамның бас бармағын кесіп кеткен. Сонымен қатар шынашағы да кесіліп кетіп, оны алып тастауға тура келіпті.

«Мен қолымдағы 3 саусақпен өмір сүре алмаймын. Заттарды алу, тісімді тазалау, киімнің түймесін салу мүмкін емес», – дейді Хайрапетян.

Ол бала күнінде теледидардағы бағдарламадан адамның аяғының башпайын қолына ауыстырып салғанын көргенін есіне түсіріпті. Мұнан кейін осы тәрізді отаны Чикагодағы Лойола университетінде жасайтынын анықтаған.

«Мен осы отаның өзіме керек екенін бірден түсіндім», – дейді ол.

Аталған ота 16 сағатқа созылған. Екі хирург бір уақытта жұмыс істеп, бірі ер адамның аяғының башпайын трансплантацияға дайындаса, екіншісі қолына ота жасаған.

Отадан кейін Хайрапетян қолымен жұмыс істеуді қайта үйрену үшін, бірнеше ай бойы эрготерапиядан өту қажет болыпты.

Оқи отырыңыз:

Ресейлік әнші Витас Барвихтегі үйінің маңында тапаншадан оқ атып, елді шулатты

Қырғызстанда ер адам базарда ес-түссіз жатқан қызды зорлап тастады

Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты

Британдықтар Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, бата берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар