Мөлдір Әуелбекова не себепті тұсау кесіп көрмегенін айтты
Мөлдір Әуелбекова әлі тұсау кесіп көрмепті. Ол мұны өзінің жастығымен байланыстырды.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Осы күнге дейін бірде бір баланың тұсауын кесіп көрмедім. Өйткені, мен тұсау кесетіндей дәрежеге жеткен жоқпын деп ойлаймын. Әлі жаспын. Алар белестерім әлі алда. 10 жылдан кейін ғана адамдар маған балаларының тұсауын кестіртер», – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Шоу-бизнес өкілдеріне баласының тұсауын кестіргісі келетіндер көп. Тіпті, олардың сұрағандарын беруге дайындар да бар. Бірақ әншілер бұл үшін ақы алмайтын көрінеді. Тек олардың қыз ұзатуы ғана ақылы. Бір ғана тойдың соңында қызды шығарып салуға барып, миллионды бірден қалтаға басатындар да бар екен. Айтыскерлердің де қыз ұзатып жүргендері осы себептен болуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?
Сәкен Майғазиев осы күнге дейін 50-ге тарта сәбидің тұсауын кескен
Қытайлық фанаттар қазақстандық БАҚ-та Димаш туралы ақпараттың аздығына алаңдаулы
9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)