Мөлдір Әуелбекова: Менің екі қанатым бар, шүкір
Мөлдір Әуелбекова қос құлыншағын қос қанатына теңеді. Әнші “екі балам өмірде демеу болатын, қиналғанда күш беретін қолдаушыларым” деп ағынан жарылды.
“Менің екі қанатым бар, шүкір! Өмірімнің шамшырағы – Салтай! Дүниемнің жарығы – Айару! Алланың қалауымен, маған әлсірегенде күш беретін, жабырқағанда көңілімді көтеретін, мен құлағанда тік тұрғызатын, құлазығанда дем сыйлайтын қос қанатым – екі балапаным! Сендер үшін қолымнан келгенін бәрін жасаймын! Ботақандарыма лүпіл мен тілек болсыншы! Балаларымыз аман, бақытты болсын! Алла тілеулеріңізді еселеп берсін!”, – деп жазды әнші.
Екінші жолдасынан ажырасып кеткен әнші көпке дейін ел аузында сөзге қалды. Көпшілік екінші мәрте ажырасқан әншіні сынға алған еді.
Әріптестері мен желідегі оқырмандар ақ тілегін жазып жатыр.
“Мөлдір жаным, қос балапаныңның қызығын көр. Балаларға қызықты балалық шақ тілеймін. Байлықтың ең төресі денсаулық тіледім”, “Алла тіл көзден сақтап, салиқалы ұрпақтардан етсін Иншалла”, “Алла осы екі, қанатыңызды ұшырып, баптауыңызға денсаулық куш-қуат берсін”, “Мөлдір осы қос қанатың аман болсын. Балапандарыңның қызығын көр! Сен нағыз күміс көмей әншісің. Биік шыңдардан көріне бер! Алла жар болсын”, деп жазды.
Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Өткен айда әнші күйеуімен ажырасқанын хабарлады. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
