"Газа тұрғындарын Қазақстанға көшіреді": Сыртқы істер министрлігі желідегі ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Hatem Ali/Copyright 2023 The AP
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Газа секторының тұрғындарын Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға көшіретіні жайлы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес Сауд Арабиясының ханзадасы Газа тұрғындарын 2026 жылдан бастап кезең-кезең бойынша көшіретінін мәлімдеген. Сондай-ақ әр ел 300 мың босқыннан қабылдауы қажет делінген.

Әлеуметтік желіден скрин
Алайда сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Аталған жаңалық шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", – деді СІМ баспасөз қызметі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген