Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап екі адам қаза тапты

Астана маңындағы Жоламан әуеайлағында жеңілмоторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 22 маусымда 11:30 шамасында болған.
“Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды”, – делінген көлік министрлігінің хабарламасында.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.
“Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады”, – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген