Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министірлік Алматыдағы жеке клиникаларға көрсетілген қысымға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Алматыдағы жеке клиникалардың бірінің үстінен қылмыстық қудалау қаупі төніп тұр деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Бұған дейін Facebook-те қайырымдылық қорында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеудің екі тегін орталығы құрылды деген жазба пайда болды. Олардың бір санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін, клиниканың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Министрлік осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. 

"Қазір бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Көптеген адамдар Facebook-ке денсаулық сақтау министрінің аты жазылған хэштегтер арқылы жазба қалдырып жатыр. Біз министрмен бұл мәселені талқыладық. Министрлік жеке сектордағы барлық медициналық мекемелерге COVID-19 таралуына қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді. Дегенмен, санитарлық ережелер мен нормалардың бар екендігііздер. Оларды ҚР денсаулық сақтау министрлігі ойлап таппады, бұл әлемдік стандарттар", - дейді Қожахметов. 

"Құқықтық қатынастарға келетін болсақ, біз бұл мәселені санитарлық дәрігерлермен сөйлескеннен кейін шешетін боламыз. Денсаулық сақтау министрлігі адалдық танытуы керек деп санаймын. Болашақта министр Алексей Цой осындай мәселелерді қоғамдық кеңес немесе жеке клиникалар қауымдастығы арқылы шешуге шақырады", - деп толықтырды ол. 

Талқылау