Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева Павлодар билігінен көрген қысымы жайлы ашық айтты

Естеріңізде болса, таяуда Роза Рымбаева «Семейлік әкім-қаралар бес жыл бойы туған жеріме аттап басқызбады» деп шағымданған еді. Шенеуніктер қысымын көрген тек Халық әртісі ғана емес көрінеді. Мәселен, Меруерт Түсіпбаеваның Кереку өңіріндегі билік басындағыларға өкпесі қара қазандай.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Павлодар облысының мәдениет басқармасына Сәрсенбаева Айнұр Мақсұтқызы деген әйел келді. Өзі жасы менен кіші. Сол кісі келгеннен кейін неге екені белгісіз, Павлодар облысының маған деген көзқарасы өзгерді”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Өзгеруіне өзіндік себеп те жоқ емес. Шенеунік «айтқаныммен жүріп, айдауыма көнбедің» деп, маған тіс тіс қайрап қалған, – дейді Меруерт ханым.

“Маған өзі хабарласып, екі кештің ортасында «Ертең сағат 5-те Баянауылда бол, бізде Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылады» дейді. Мен айттым, «Алматыда тұрып ұшақ ұшпайтын Баянауылға, кешкі бесте топ ете түсетін мен құс емеспін», – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Осы кикілжіңнен соң, Кереку өңірінде өтетін мерекелік шаралардан, соңғы кезде үнемі тыс қалып жүрмін деп қынжылады әнші. Шахизада болса Шымкентке жиі шақырту алады. Бірақ, туған өлкесінің кей атқамінерлері «аузын айға» қаратып кеткен сәттері жоқ емес.

“Әкімдер де алдап кеткен. Концертке шақырып алып, тиынымызбен келісіп алып, жақсы күтіп алып шығарып салатын кезде бір әкім жоқ”, – дейді әнші Шахизада.

Шахизада ханымның «құр шөппен ауыз сүртетін» билік басындағылардан әлі де көңілі қала қоймапты. Тіпті, жеке шығармашылық кешімді өткізуге қолдау береді деген үміті бар.

“Өзіміздің туған жерге концерт жасаймын деп, әкімшілік айтады ғой енді. «Шәке концертіңізді жасап берейік, 30 жылдық концертіңіз елде өтсін» деп. Содан міне бір жылдан асты өтіп жатыр әлі. Күтіп жүрміз”, – дейді Шахизада.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

Талқылау