Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Қуандық Рахымның сахнаға шыққанына небәрі 1,5 жыл! Соған қарамастан оның есімін бүгінде қалың қазақ елі біледі. Тез арада танылғанын Қуандықтың өзі де мойындап отыр. Ол мұны Алладан берілген бақ деп санайды. Ал халыққа алғыс ретінде Қуандық жақында жеке ән кешін өткізбекші.

“Көп адамдар “тез шықтың” деп айтып жатады. Енді осыны Құдай көп көрмей, керісінше ұзағынан қылса екен деп тілейміз”, – дейді Қуандық “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына берген сұхбатында.

Тез танылған әнші небәрі 1,5 жылдың ішінде ата-анасын қалаға көшіріп, жаңа үй алып бергенін мойындады.

“Ата-анамды бұрынғы ескі үйімізден қалаға, яғни Жезқазғанға көшірдік. Жезқазғанда соңғы рет бір ай бұрын болдым. Қазір қаланың жағдайы шүкір. Бірақ негізі кенді өлке ғой. Бұдан да 10 есе, 100 есе жақсы болуы керек еді негізі. Біздің қаламызға Құдай қаласа көңіл бөлінеді, көркейеді, дамиды дегенді естіп жатырмыз. “Әумин” деп отырмыз өзімізше. Өзім бұрын тұрған Сәтбаев қаласында қазір бір емес, бірнеше ықшам аудан салынып жатыр. Қуанып жатырмыз”, – деп бөліскен Қуандық саяси мәселелерден де хабары бар екенін айтып өтті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар