Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Әнші Айқын Төлепберген өзіне ұл туып берген сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Айқын Жұлдызды жеке әнші ретінде Жаңа жылда таныстырмақшы.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Айқын Төлепберген КешYou тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл ақпаратты жұлдызды жұптың жақындары хабарлады. Әзірге Жұлдыздың декреттік демалыстан кейінгі үлкен сахнаға оралу уақыты белгісіз. Дегенмен сенімді дереккөздеріне сүйенсек, әнші Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиді Жаңа жылда жеке әнші ретінде таныстырғалы жүр екен”, – делінді “Айта берсін” бағдарламасында.

Аталған жайтқа қатысты Айқынның жақын досы Дастан Оразбеков пікірін білдірді.

“Бос уақыты болып жатса, неге болмасқа? Менде, мысалға бос уақыт жоқ. Мен сондықтан да бола алмаймын. Жұлдызды жұптар көп, Құралай мен Мирас, Жанболат пен Жазира… Бәрі ерлі-зайыптылар. Ақыры ондай болып жатса, ол халықтың сұранысынан. Сондықтан да менің ойымша әбден мүмкін”, – деген Дастан досы Айқынның жеке өмірі жайында бар шындықты жайып сала жаздады.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды

Заттыбек Көпбосынұлы 10 жыл күткен қызын бейнебаянға түсірді (видео)

Еркек болып қалыңдаршы: Белгілі тележүргізуші әйелге ұқсап бара жатқан ерлерді сынап тастады

Ерке Есмахан көлік салығы туралы әзілдеп, жұртты күлкіге қарық қылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар