Алматы әуежайында “иә” сөзін айтқаны үшін ер адамға айыппұл салынды

Фото: pixabay.com
Алматы әуежайында “иә” сөзін айтқан ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанаға ұшпақ болған 30 жастағы алматы тұрғыны әуежай қызметкерінің тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы стандартты сұрағына "Иә" деп жауап берген. Артынша әзілдеп тұрғанын жеткізген.
"Бомба, мина, граната": Әуежайда қандай сөздерді айтуға болмайды
Қызметкер бұл жауапты ықтимал қауіп туралы ақпарат ретінде тіркеген. Нәтижесінде әуежай толық тексерілді. Адамдарды эвакуациялау қажеті туындаған жоқ, жұмыс әдеттегідей жалғасты. Алайда орынсыз әзіл айтқан ер адам ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы әуежайында жасөспірім ұшақта бомба барын айтқан. Оның бұл әзілі 20 млн теңгеге жуық шығын әкелген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады