Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева келініне жағымпазданатын ене болатынын айтып, елді күлдірді

“Келініммен бірге тұрмаймын” деп жар салған әнші Меруерт Түсіпбаева болашақта жағымпаз ене болатынын мәлімдеді. Ол ене мен келін арасындағы сыйластықты қалай сақтап қалуға болатынын айтып, замандастарына кеңес берді.

19400025_1337445879702615_256793615957425588_n

Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Құдай амандығын берсе, өзім де ене боламын. Бір тал ұл тәрбиелеп отырмын. Мен қазірден бастап келінім қандай болады екен, мен қандай ене боламын деп ойланамын. Мен келініме жағымпазданатын ене боламын деп ойлаймын. Өйткені барлық осы көрермендерге айтпақшымын, келін жақсы десең, жақсы болады, келін жаман десең, жаман болады. Сол үшін сіздер де келіндеріңізге қарап, оны мақтап, кейбір кезде сыйлықтар алып беріңіздер”, – дейді Түсіпбаева.

Әнші жалғыз ұлын үйлендіргенге дейін інісінің әйеліне “ене” бола тұратынын айтып қалды.

“Өзімнің бауырым бар қолымда өскен. Сол баланың әйелі – менің келінім. Оны ылғи мақтап қоямын, сыйлықтарын беріп тұрамын. Ол жаман деген сөз мүлдем айтылмайды. Қандай шыншыл болсам да «Әлия, Әлиюшка» деп тұрамын”, – дейді әнші күліп.

Есте болса, кеше әнші келінімен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан еді. Түсіпбаева жаңа түскен келіннен тегін үй қызметшісі жасап алатындарға таңғалатынын жасырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын болашақ сәбиіне қандай есім қоярын білмей жүр

Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Талқылау