Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын болашақ сәбиіне қандай есім қоярын білмей жүр

Асхат Тарғын болашақ балаларына мұсылманша, имани есім бергісі келетінін айтты.

20067277_157592601481343_198806335255478272_n

Сурет: Асхат Тарғынның жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Сәуір айында шаңырақ көтерген Асхат Тарғын болашақ балаларына қандай есім берерін білмей жүр. “Бастысы – мұсылманша есім болса болғаны” дейді әнші. Мұнымен қатар, ол әлі күнге ата-анасымен ақылдасып, олардың ақылына құлақ асып отыратынын айтты.

“Өзіме мұсылманша есімдер ұнайды. Баланың тағдыры негізінен есімімен тікелей байланысты екен. Сол себепті, болашақ балаларыма жақсы ат қойылғанын қалаймын. Имани, мұсылманша есімдер қойылып жатса еш қарсылығым жоқ. Ал қызымның есімін Айым деп өзінің әжесі қойған болатын. Біздің үйде барлығы ұл болғандықтан, анам оны осылай еркелетіп, бауырына басқысы келді. Оның үстіне мен екі ағамнан бұрын үйлендім. Мен үшін үлкен кісілер не айтса, сол болады”, – дейді Асхат Тарғын.


Жіберіп алмаңыз:

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Николас Кейдж шапан киіп тұрып қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Әнші Ғазизхан: Қайраттың отбасын жасырып жүргені дұрыс екен

Талқылау