Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті

«Қуан сен, қуана бер, әкетайым… Мен сенің өміріңнің жалғасымын», – деген өлең жолдарында айтылғандай, әрбір әкенің арманы артында саналы ұрпақ қалдыру. Бұл ретте Құдайберген ақсақалдың жолы болған. Себебі ол өсіріп, тәрбиелеген Димашты бүгінде қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем таниды. Қаршадай қазақ баласының тектілігі, өзіне ғана тән қарапайымдылығы мен кішіпейілділігіне бүкіл ел тәнті. Ал Димаштың бойындағы нағыз қазақ азаматына тән қасиеттер әкенің қанымен берілген десек, артық айтқандық болмас.

канат димаш кудайберген 2507

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Димаштың атасының (авт. Димаштың өзі Құдайберген ақсақалды «әке» деп атайды) туған күні. Бұл орайда әкеге алғыс айтуды ұмытпай, оны жеке мерекесімен құттықтаған Қанат Айтбаевтың желідегі жазбасын ұсынуды жөн көріп отырмыз.

«Балалық шағым еске түседі… Жалтыраған тақырбастың үстіндегі алақандай айдары желмен желбіреп, жаңа ғана сатып алып келінген су жаңа велосипедпен бір бала зырғып барады… Ол – мен. Сол кездері дүкенге көп түсе бермейтін дүниені əкем Ақтөбедегі ағайындарға арнайы тапсырып, қайта-қайта сұратып жүріп, алдырған болатын. Екі дөңгелекті көлікті көргенде алақайлап қуанғаныма өзі де шат-шадыман…

Жазғы каникулда əкемнің машинасынан қалмаймын – егістік басындағы механизаторларға, қой ауылдағы малшыларға жиі барамыз. Даланың даңғыл жолында əкем ГАЗ 69-дың руліне мені отырғызып, көлік жүргізуді үйретеді…Мотордың құрылымын, қозғалтқыштың жұмыс істеу жүйесін түсіндіреді, қайталап сұрайды. “Менің балам техникаға өте бейім, ықтиятты” деген мақтауын есту -алты оқитын бала үшін үлкен бақыт…

Үйге қонақ көп келеді, анам ас əзірлеп, əкем меймандармен əңгіме дүкен құрады. “Ағалардың жақсы сөзін тыңда” деп əкем қасына алып отырады…
Кей күндері жұмыстан кейін қолына домбырасын алып, Қазанғаптың, Құрманғазының күйлерін төгілтеді, үйдің іші сиқырлы үнге толады, бəріміз беріле тыңдаймыз…

Өзінің ұстаздарының, құрметтеп, сыйлайтын азаматтардың жақсы істерін мысал етіп айтады. Басты принципі “Ұлық болсаң -кішік бол”, “Біреудің ала жібін аттама” – үнемі қайталап отырады…

Кешке таман əкем жұмыстан келетін кезде бəріміз дайындаламыз – əпкем мен қарындасым су сеуіп есіктің алдын сыпырады, анам самаурынға от салып, ағаштың көлеңкесіне көрпе төсеп, дастархан жаяды. Мен қолға су құятын құман əзірлеймін… Отбасымызбен шүйіркелесе отырып кешкі салқынмен шай ішеміз…

Қазір өзім де əкемін. Бірақ əлі күнге дейін əкеме еркелегім кеп тұрады.
Папа, туған күніңіз құтты болсын! Мамам екеуіңіздің арқаларыңызда балалығымыз бақытты болды. Біздің қызық, қуанышымызды тең көріңіздер! Келер жылы амандық болса алтын тойларыңызды тойлауға жазсын!  Бақытты күндеріңіз мол болып, жастарыңыз жүзге жетсін!» – деп жазады Қанат Айтбаев.

Ал желідегілер Қанат Айтбаевтың жазбасына тәнті болып, Құдайберген ақсақалға айтылған ақжарма тілекке қосылды. Көпшілік Димашты тәрбиелеп өсірген ардақты әкеге алғыс айтумен болды.

Жіберіп алмаңыз:

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуреннің отбасы барын басынан білдім

Айару Бақытбек: Итімізбен бір төсекте ұйықтап, бір дастарханнан тамақтанамыз

Талқылау